Алматудағы «Шымбұлақта» өрт шықты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
890

«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты аумағында өрт шықты, өртті сөндіруге 50-ге жуық адам және тікұшақ жұмылдырылған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ведомтсвоның мәліметінше, бүгін Алматы қаласы Медеу ауданы "Шымбұлақ" тау шаңғы курорты аумағында теңіз деңгейінен 2300 метр биіктікте құрғақ шөп пен бұта өртенген.

Өрт сөндіруге ТЖМ-дан 50-ге жуық адам мен 12 техника, орман шаруашылығы, "Қазавиорманқорғау", ПД және өкілдері, сондай-ақ "Қазавиақұтқарудың" су ағызу құрылғысы бар тікұшағы жұмылдырылған.

Өртті сөндіру жету қиын таулы жерлерге байланысты күрделене түскен.

Десе де құтқарушылар мен "Қазавиақұтқару" ұшқыштарының үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...