«Алыс жолға шықпау»: Астана тұрғындарына ескерту жасалды

Ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
485

Астана қаласының әкімдігі ауа райының нашарлауына байланысты тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлады MadeniPortal.kz

30 желтоқсанда елордада жаңбыр жауды. Ауа райының нашарлауына байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жолдарға, тротуарларға және жаяу жүргіншілер жолдарына көктайғаққа қарсы материалдар себілуде, жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде.

Қала тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады:

  • көшеде қозғалғанда, әсіресе жолдан өткенде мұқият болу,

  • сырғымайтын аяқ киім кию,

  • мүмкіндігінше алыс сапарлардан бас тарту.

Көлік жүргізушілеріне көру мүмкіндігінің төмендеуін және жолдардың тайғақ болуын ескеріп, жылдамдық режимін және арақашықтықты сақтау, көліктің техникалық жай-күйін және шиналардың ауа райына сәйкестігін тексеру ұсынылады.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөмірі бойынша шұғыл қызметтерге жүгінуге болады.

Астанадағы ауа райы болжамы:

30 желтоқсан: бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. Жел – оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, кейде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде –1…–3°C, күндіз +1…+3°C.

31 желтоқсан: ауыспалы бұлттылық, түнде қар, боран, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ. Жел – солтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде –3…–5°C, күндіз шамамен 0°C.

1 қаңтар: ауыспалы бұлттылық, түнде қар, боран, көктайғақ. Жел – оңтүстіктен 9-14 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с. Түнде –10…–12°C, күндіз –8…–10°C.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін Алматы қаласында ақын , журналист, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, Қазақстанның еңбек...

ӘДЕБИЕТ

Шүй Жымо  徐志摩 Xu Zhimo (1897 – 1931), Қытайдың аса талантты ақыны, жазушысы, эссеи...