Аманат партиясының депутаты әйелдердің тұсауын кесіп жүр

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1434

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев 38 жастағы көпбалалы ананың тұсауын кесті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Todayinfo сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы депутаттың өзі әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған.

«Арасында болып тұрады. Өзінің өтініші бойынша 38 жастағы көпбалалы ананың тұсауын кестім. Ақ жол!», – деп жазды Мұқаев.

Оның сөзінше, бастысы оқырманының гештальті жабылып, арманы орындалған. Ал оқырмандар түрлі пікірлер қалдырып жатыр.

«Кітап, кілт, ақша қойып қоятын жалғасы қайда? Не таңдағаны қызық болып тұр», «Мен 50 жасымда Құралай ханымға кестіріп, 2 айдан соң шетел асып кеттім. Тоқтамай, әлі қыдырып жүрмін», «7 жасар қызымның тұсауын кестіруге ұялып жүрсем, мынадай кейін ұялмаймын-ау», «Жолы болмай қоса, ырымдайды. Қадамың оң болсын!», — деген сынды пікірлер бар.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...