«Қайта асқынуы мүмкін»: Шавкат Рахмоновтың қазіргі жағдайы белгілі болды

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
107

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін және денсаулығына қатысты ешқандай медициналық мәселе қалмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Шавкат Рахмоновтың оңалту жұмыстарымен айналысқан дәрігер Михаил Маркуарттың айтуынша, жеңіліп көрмеген қазақстандық файтердің кәсіби мансабын жалғастыруына кедергі болатын ешқандай медициналық шектеу жоқ.

Оның сөзінше, ендігі мәселе – спорттық бабын қайта қалпына келтіру ғана.

«Шавкаттың қайта оралу мерзіміне келсек, оның кәсіби спортпен айналысуына медициналық тұрғыдан ешқандай кедергі жоқ. Ал нақты қашан октагонға шығатыны – оның дене дайындығына жауапты бапкерлеріне байланысты. Ол қаншалықты тез бабына келетіні және UFC күнтізбесіне де тәуелді. Мұның бәрі жеке жағдайға байланысты. Менің ойымша, келесі жылдың басында Шавкатты қайтадан жарыс режимінде октагоннан көре аламыз», – деді дәрігер.