«Әміре» фильмі Голливуд кинофестивалінде жеңіске жетті

ЖАҢАЛЫҚТАР
3129

Лос-Анджелесте өткен халықаралық өнер бәйгесінде қазақстандық «Әміре» фильмі жүлделі болды 

Бұл туралы актер Санжар Мәдиев өзінің инстаграмдағы парақшасында: «Достар! «Әміре» фильмі Hollywood Film Festival кинофестивалінде бірінші орынды жеңіп алды және қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды», – деп жазды. Жалпы дүниежүзілік кинематографияда музыкалық драма жанрында түсірілген фильмдер көп емес. Сондықтан бұл жанрдағы картинаның кино әуесқойларына ерекше әсер еткені анық. Заманында Парижде ән шырқап, кәрі құрлықтың талғампаз жұртын таңдай қақтырған қазақ тенорына арналған туындыны Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы мен «Darplay» компаниясы бірлесіп түсірген болатын. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты резонансты сот процесі жалғасып жатыр. 7 тамы...

СПОРТ

Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев Халықаралық зағиптар спорт фед...