«Анам бұл күнді көре алмады»: АҚШ-та қызымен қауышқан Наташа Қалымбетова елді тебірентті

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
250

Бұған дейін жасөспірім кезінде сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын мәлімдеген қазақстандық Наташа Қалымбетова көп жылдан бері іздеген қызымен АҚШ-та қауышқанын хабарлады. Енді ол ДНҚ сараптамасының қорытындысын жариялап, қызы екеуінің биологиялық туыстығы расталғанын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Наташа Қалымбетованың сөзінше, ол ешкімнің көмегіне жүгінбей, АҚШ-қа өз бетімен барып, ұзақ жылдар бойы іздеген қызын тапқан. Кейін екеуінің туыстығын анықтау үшін ДНҚ сараптамасы жасалған.

«Бүгін ДНҚ сараптамасының нәтижесі шықты. Оның қорытындысы бойынша, туыстығымыз 100 пайызға расталды. Мен бұған дейін де сенімді едім, бірақ қызымның қобалжығаны байқалды», – деді ол әлеуметтік желідегі видеосында.

Әйел бұл сәтке жету үшін талай қиындықты бастан өткергенін айтып, қуанышын жасырмады.

«Өмір бойы азап шегіп, қиналдым. Соған қарамастан, ақыры қызыммен қауыштым. Барлығына өз күшіммен қол жеткіздім. Ақыры Америкаға барып, қызымды таптым. Мүмкін емес нәрсенің өзі мүмкін екен», – деді Наташа Қалымбетова.

Оның айтуынша, қызы әлеуметтік желідегі жарияланымдар мен пікірлерді оқып, анасының басынан өткен оқиғалардан хабардар болып отыр.

Наташа Қалымбетова қуанышты сәтті өмірден өткен анасының көре алмағанына өкінетінін де жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін ол 17 жасында төрт ауылдасының сексуалдық зорлық-зомбылығына ұшырағанын мәлімдеген еді. Осы мәлімдемеден кейін құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағаны хабарланған.

Қазір Наташа Қалымбетова қызымен қайта кездесіп, көптен күткен қуанышын бірге атап өтуді жоспарлап отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан азаматтарының улануына байланысты Өзбекстанда қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Өзбекстан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде Неке сарайында 26 жастағы қыз пышақ жарақаттарынан көз жұмды. Оқиғаға қатысты күдікті ұстал...