Қазақстанда 800-ге жуық имам жалақы алады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Ulysmedia.kz т...
Қазақстан азаматтарының улануына байланысты Өзбекстанда қылмыстық іс қозғалды
Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz
Қазақстан азаматтарының улануына байланысты Өзбекстанда қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Өзбекстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
«Ташкент қаласының Чиланзар аудандық прокуратурасы санитариялық заңнаманы немесе эпидемиямен күресу қағидаларын бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады», - делінген хабарламада.
Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 1-3 қараша аралығында «жіті диарея» алдын ала диагнозымен Қазақстанның 20 азаматы ауруханаға жатқызылған. Сейсенбі күні олардың екеуі ауруханадан шығарылды. Қалған 18 адам әлі ем қабылдап жатыр. Науқастардың жағдайы тұрақты деп бағалануда.
Еске салайық, балалар Ташкентке жаттықтырушылары және ата-аналарымен бірге Dostlik Cup 2026 халықаралық жасөспірімдер турниріне қатысу үшін барған.