ШҚО-да ер адамның әйелге істеген сұмдығы әшкере болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1747

ШҚО-да әйелді тонап кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Алтай ауданының тұрғыны полицияға жүгініп, көпқабатты үйдің кіреберісінде белгісіз адамның оған бас салып, басын ауыр затпен ұрып, құжаттары мен ақшасы бар сөмкесін тартып алғанын хабарлаған.

"Полиция қызметкерлері жедел түрде жақын маңдағы дүкендер мен басқа да нысандардың бейнебақылау камераларын тексерген. Нәтижесінде күдікті 32 жастағы аудан тұрғыны екені белгілі болды. Тергеу барысында оның оқиға кезінде масаң күйде болғаны және әйелге мұз кесегімен соққы жасап, ашық түрде мүлкін иемденіп кеткені анықталды. Кейіннен күдікті ұрланған сөмкені қоқыс жәшігіне лақтырып жіберген", - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот күдіктіге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын белгіледі. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар жүргізілуде, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...