“Анасын қорғамақ болған”: 16 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан мерт болды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2822

Қостанайда 16 жастағы жасөспірім анасын қорғаймын деп жүрек тұсынан пышақталды, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға болған отбасының жақын туысы Данияр Нұрғалиевтің өліміне анасымен тұратын бөтен еркектің күдікті екенін айтты.

«Баласы анасын қорғаймын деп жүрек тұсынан пышақталды», – деп мәлімдеді туысы. 

Данияр Қостанайдағы №8 орта мектебін 9 сыныпқа дейін оқыған. Қазір ол мектепте Даниярдың отбасына ақша жинау ұйымдастырылып жатыр. Жиналған ақша марқұмның әжесіне аударылады.

Қостанай қаласының полиция департаменті адам өлтіру фактісі бойынша күдікті ұсталып, қазір сотқа дейінгі тергеу ісі басталғанын мәлімдеді. Алдын ала орнатылған фактілер бойынша ер адам алкогольдік сусынды тұтынып, мас күйінде марқұмның жүрек тұсынан пышқтаған. Тергеу ісі Қостанай қаласының полиция департаменті мен прокуратурасының бақылауында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарл...