Ақбота Керімбекова марапат алған әріптестеріне қатысты пікір білдірді

Фото: инстаграм парақшасынан

Жаңалықтар
362

Белгілі әнші Ақбота Керімбекова марапатталып жатқан әріптестеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz. тілшісіне сілтеме жасап. 

Әнші Ақбота Керімбекова Instagram-дағы парақшасында атақ алған өнер иелеріне жазба арнады.

Жер-жерде шүлен тарату басталды. Құдай-ау, не деген атақтар анау?! «Ерен еңбегі үшін», «Құрмет», «Парасат», «Даңқ». Қазақта сөлкебайға телінбеген сұмдық сөздер қалды ма екен өзі?! Жылына осы атақтарды бәлен жүз адам алады екен. Ала берсін. Бірақ мемлекет жағдайы сонша ерен еңбек жасалынғанға ұқсай ма?! – дейді ол. 

Әнші әріптестері шындықты жеткізгені үшін «көре алмай отыр» деп айтпаса екен дейді.

Үйдегілер кейде сұрап қалады «Әндетіп жүргеніңізге 30 жыл, мынадай мыңғырған атақтың біреуі сізге берілмей ме?» дейді. «Ай, айналайындар-ай, үкімет үшін әндетіп жүргенім жоқ. Үкімет те өзі үшін ән салмайтындарға бермейтін шығар?! Одан кейін атақтарды түгел алып шыққан кейбір адамдармен мені қатар қойып, халықтың алдына шығарса, халық бір де бір мемлекеттік атағы жоқ мені танып, құрметтеп кетуі мүмкін. Нағыз бақыт – сол» деп құтыламын. Ойым дұрыс шығар деп ойлаймын. Тағы шындығым үшін «көре алмай отыр» демесе екен.

Айтпақшы, қазақ тарихынан да маңызды боп тұрған қазақ Tik-Tok-дағы легендалары неге алмаған? Неге бермейсіңдер?! Көре алмай жүрсіңдер ме? - деп жазды әнші. 

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...