Әнші Ақбота-Нұр тағы да тұрмысқа шығатынын жариялады

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1726

Белгілі әнші, KeшYou тобының экс-солисі Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жақында тұрмысқа шығайын деп жүргенін айтып, желідегі оқырманын қызықтырып қойды, деп хабарлады  madeniportal.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Қазір шетелде жүрген әнші Instagram желісінде жаңа фотосын жариялаған.

"Адамның ең шынайы сезімі – сөз айтпай-ақ, жаныңды жылытып жіберетін сәтте байқалады", - делінген фото сипаттамасында.

Кейін ол дәл осы жазбасын Stories-те бөліскен.

"Алла жазса, тұрмысқа шығайын деп жүрген қыздың сөзі", - деп жазып қойған онда әнші.

Желі қолданушылары жазбаға түрлі пікір қалдырып жатыр. Кейбірі әншіге бақыт тілесе, кейбірі жазбаның астарын түсінбей оған сұрақ қойған.

"Ең сұлу қалыңдық - 2025?", "Махаббаттарыңыз баянды болсын", "Бақытты болыңыз", "Алла баянды бақ берсін, айналайын! Бағың ашылсын", - деп пікір қалдырған әншінің жанкүйерлері.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...