"Күн көру үшін тойға шығамын” — Мақпал Жүнісова

Фото: ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1163

Мақпал Жүнісова өзінің зейнетақысы туралы айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ POLITICO.KZ сайтына сілтеп.

62 жасқа толған халық әртісі сахнадағы еңбегі үшін ай сайын 210 мың теңге зейнетақы алатынын жеткізді.

“Анам 47 жасында әкемнен жесір қалды. Сол кезде: “Күйеуге шығамын деп ойлама, қызыңды өсір, өлмейсің” деген сөзі әлі есімде. Егер ол кеңес айтпағанда, жас күнімде тұрмысқа шығып кетуім мүмкін еді. Бірақ уақыт өте шықты. Міне, қазір 62 жастамын. Зейнетке шықтым. Үкімет 45 жыл сахнада жүрген халық әртісіне бергені — 210 мың теңге. Оны күзетшіге төлеймін, ал өзім күн көру үшін тойға шығамын”, – деді әнші.

Сонымен қатар өнер иесі халықтың концерттерге көп жиналмайтынына қынжылысын білдірді.

“Ержан Белғозиевтің концертіне көрермен аз барғанын естіп, қатты қорықтым. Өзім сахнаға шығар алдында 4 сағат күтіп, уайымдап жүрдім. Әншілер халықтың жақсы жиналғанын айтқанда ғана көңілім орнына түсті. Артқы қатардағы билеттер 2000-3000 теңгеден сатылған екен, бұл өте қолжетімді баға деп ойлаймын. Өйткені 150 мың теңге беріп, Джей Лоның концертіне де бардыңдар ғой”, – деді Мақпал Жүнісова.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...