Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланыс...
Қазақ журналисі әлемнің үздік агрожурналистері қатарына енді
Madeniet Portaly
Қазақстандық журналист ауыл шаруашылығы саласындағы әлемнің үздік қатарына енді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz
Қазақстан атынан алғаш рет Айжан Рымбаева Халықаралық агрожурналистер федерациясы (IFAJ) нұсқасы бойынша әлемнің үздік жас агрожурналистері тізіміне кірді. Бұл беделді марапат Австралия, Аргентина, Бразилия, Ұлыбритания, Германия, Канада, Кения, Либерия, АҚШ және Қазақстан елдерінің он жас журналисіне табысталды.
Салтанатты марапаттау рәсімі қазанның 15-18 аралығында Кения астанасы Найробиде өткен халықаралық IFAJ конгресінде өтті. Конгреске әлемнің 30-дан астам елінен өкілдер қатысты.
Халықаралық агрожурналистер федерациясы (IFAJ) 20 жылдан астам уақыт бойы ауыл шаруашылығы саласындағы жас мамандарды қолдауға бағытталған Young Leaders in Agricultural Journalism бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Жыл сайын ұйым әлемнің түкпір-түкпірінен кәсіби біліктілігі жоғары, жаңашыл ойлайтын және ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі тақырыптарын көтеріп жүрген 10 талантты журналисті іріктейді.
Халықаралық агрожурналистер федерациясы (IFAJ, International Federation of Agricultural Journalists) – ауыл шаруашылығы, азық-түлік және ауылдық аумақтардың дамуы тақырыптарын қамтитын журналистерді біріктіретін кәсіби ұйым. 1956 жылы құрылған және Нидерландта орналасқан бұл федерация 50-ден астам елдің ұлттық қауымдастықтарын біріктіреді. Ұйым кәсіби стандарттарды дамытуға, ақпарат алмасуға және тәуелсіз агрожурналистиканы қолдауға ықпал етеді.
Қазір Қазақстан IFAJ құрамына кірмеген, алайда Айжан Рымбаева бұл жағдайды өзгерткісі келеді. Ол қазақстандық әріптестерін біріктіріп, агрожурналистер гильдиясын құруға ниетті.