Павлодарда бензин құйылған канистр ұстаған ер адам көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісін өртемек болған

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
690

Белгісіз ер адам таңертең Павлодардағы тұрғын үйлердің біріне бензин құйылған канистрмен келіп, подъезді өртемек болғаны хабарланды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оқиға туралы әлеуметтік желілерде куәгерлер хабарлаған. Олардың айтуынша, ер адам подъезд ішінде жүгіріп жүріп, қабырғаларға, еденге және алаңшаға шыққан тұрғындарға бензин шашқан. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушының жеке басы анықталған.

«Қазіргі уақытта оны ұстау шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданады», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Болған жағдайдың мән-жайы анықталуда.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...