Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша кездесу Туризм және спорт министрлі...
Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы әлі табылмады
Фото: Orda.kz
Алматыда танымал әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның ұлы Баир Сиқымбаев із-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы оның жары Ұлжан Шәріпбекова мәлімдеп, қоғамнан көмек сұрады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлжан Шәріпбекова «Бармысың, бауырым?» радиохабарына келіп, жоғалған күйеуіне іздеу салды. Сұхбат барысында хабар-ошарсыз кеткен Баир Сиқымбаевтың үй сатуды жоспарлап жүргені айтылды. Сондықтан Ұлжан Шәріпбекова күйеуі алаяқтардың құрбаны болуы да мүмкін деп есептейді.
«Соңғы кезде осы ата-анамнан қалған үйді сатып, басқа жерге көшкім келеді деп айтып жүрді. Адам болғасын неше түрлі ой келеді. Оның жоңалуы үйге де байланысты болуы мүмкін. Біреу ұстап қинап отыр ма деймін. Не ойларымды білмеймін?», — деді Ұлжан Шәріпбекова.
Баир Сиқымбаев 24 наурыз күні шамамен сағат 13:00-де үйден шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған. Жоғалған азаматты іздеу жұмыстары басталып, полицияға да ресми түрде хабар берілгенімен, әзірге нақты дерек анықталмаған.