Қазіргі уақытта 43 жастағы жұмысшының жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр, деп хабарлайды M...
86 адам әлеуметтік желідегі заңсыз контент үшін жауапқа тартылған
Фото: freepik
Ақпараттық саясат департаменті әлеуметтік желілердегі құқыққа қайшы контентті анықтау бойынша жүйелі жұмыс шеңберінде 184 аккаунтты тексерді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Олардың нәтижелері бойынша 86 пайдаланушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, 56 адам айыппұл арқаласа, 29-ы қамауға алынды, тағы бір адам қоғамдық жұмыстарға тартылды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов депутаттардың сауалына берген жауабында айтты.
Бұдан бөлек биылғы 9 айда Қылмыстық кодекстің 174-бабы («Әлеуметтiк, ұлттық, этностық, нәсiлдiк немесе дiни алауыздықты қоздыру») бойынша 72 қылмыстық іс қозғалды, оның 21-і сотқа жолданды. ҚК 274-бабы бойынша («Көрінеу жалған ақпарат тарату») 64 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 9 іс сотқа жолданды. Ал ӘҚБтК 456-2-бабы («Жалған ақпаратты, құқыққа қайшы контентті орналастыру, тарату») бойынша 124 адам жауапқа тартылған.