Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған этноауыл ашылды, деп хабарлайды madeniportal.k...
«Бауырсақ үшін айқас»: Астанада тегін дәмге таласқан жұрт кептеліс тудырды (ВИДЕО)
ЖИ
Астанада жаңа сауда орнының ашылуына орай ұйымдастырылған тегін дастарқан күтпеген жағдаймен аяқталды. Тегін бауырсақ пен түрлі тағамнан дәм татуға жиналған адамдар бір-бірін итеріп, жаппай кептеліс тудырған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Оқиға демалыс күндері «Хан Шатыр» маңындағы Greenline аллеясында болған. Жаңа нысанның ашылуына орай ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен алғашқы келушілерге арнап далада шағын фуршет әзірлеген.
Алайда бауырсақ пен басқа да тағамдар қойылған шағын үстелдің айналасына көп адам жиналып, жағдай бақылаудан шыққан. Әлеуметтік желіде тараған видеодан тұрғындардың тағамға жетуге тырысып, бір-бірін итеріп жатқанын көруге болады.
«Демалыс күндері Greenline аллеясында "бауырсақ үшін талас" болды. Дүкен ашылуына орай фуршет ұйымдастырған, алайда иесі шағын дастарқанның айналасында мұнша адам жиналатынын есептемеген сияқты», – делінген Astanovka98 жариялаған жазбада.
Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Желі қолданушыларының бір бөлігі тегін тағам үшін таласқан тұрғындардың әрекетін сынаса, енді бірі көпшілік жиналатын шарада қауіпсіздікті алдын ала қарастырмаған ұйымдастырушыларға сын айтты.