Антикор: Ұлттық қордың 840 млн теңгесі ұрланды

Фото: ulysmedia

ЖАҢАЛЫҚТАР
1409

Солтүстік Қазақстанда коммерциялық ұйымның басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет коммерциялық ұйымның басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған. Ол Ұлттық қор қаражатынан жылыжай кешенін салу үшін жапырақты көкөністерді өсіру жөніндегі жабдықтарды сатып алуға бөлінген 840 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

Айыпталушы сотқа тартылды. 

Ұлттық қордағы қаражат күннен-күнге азайып барады. Қаржы министрлігінің мәліметіне сәйкес, қаңтар-ақпан айларында Ұлттық қорға 520,2 млрд теңге түскен, ал алынған қаражат көлемі 1 трлн теңгеден асып кеткен. Сонымен қатар, мұнай-газ келісімдерінен түскен түсім небәрі 226,9 млрд теңгені құрап, бұл мұнай секторындағы кәсіпорындар төлеген тікелей салықтардың (жалпы 519,7 млрд теңге) жартысына тең болды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылында екінші атом электр станциясының құрылыс ауданын талқылауғ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 21 жасқа дейін несие берілмеуі мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.  Парламент...