Жапонияда 107 жыл және 300 күннен астам өмір сүрген апалы-сіңлілі Умено Сумияма мен Коуме Кодама ғал...
Түрмеде жатқан Қуандық Бишімбаев тағы да сотқа арыз берді
Фото: видеодан скриншот
2257
Жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен ұсталған атышулы экс-министр Қуандық Бишімбаев түрмеде жатып, тағы да сотқа арыз берді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Бишімбаевтың арыз беруіне түрме әкімшілігі тарапынан ешқандай көтермелеу шаралары жасалмай жатқаны себеп болған.
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сотталғандарға тәртіп бұзу болған жағдайда көтермелеу шаралары берілмейді. Сотталушының бір рет заң бұзғаны ескеріліп, оған көтермелеу шарасы қолданылмаған. Сот сотталушының талап арызын қанағаттандырған жоқ», - делінген Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарламасында.
Еске сала кетейік, Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі жұбайы Салтанат Нүкенованы ұрып өлтіріп, 24 жылға сотталған болатын.