Басы дауға қалған Qazaq Coffee кофеханасы жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды madeniportal.kz ...
Мешітте жұма намазы кезінде жарылыс болды
Фото: ашық дереккөз
1460
Индонезияда мешітте жарылыс болып, 54 адам зардап шекті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Orda.kz сайтына сілтеп.
Бүгін, 7 қараша күні жұма намазы кезінде Джакарта мектептерінің бірінде орналасқан мешітте жарылыс болды. Полицияның мәліметінше, 54 адам түрлі жарақат алған.
«Ауруханаға 54 адам жатқызылды. Жеңіл жарақаттанғандар, жағдайы ауыр науқастар да бар. Олардың көбін күйік шалған», - деп хабарлады Asep қалалық полиция бастығы Эди Сухери.
Оның айтуынша, полиция оқиғаның себептерін зерттеп жатыр. Мектептің айналасында полицейлер тізілген. Жерде жедел жәрдем көліктері тұр.