«Аптасына үш емес, бес рет»: Аймағамбетов мектепте ағылшын тілін оқытуда өзгеріс енгізуді ұсынды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
527

Аймағамбетов ағылшын тілін мектепте аптасына үш емес, бес рет оқытуды ұсынды, деп хабарлады  MADENIPORTAL.KZ.

Қазақстанда магистратура мен докторантураға түсу тәртібі қайта қаралуы мүмкін. Мәжіліс депутаты, бұрынғы білім министрі Асхат Аймағамбетов Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында қазіргі талаптарды қайта қарап, әділетті жол ұсынуды сұрады.

- Біріншіден, ағылшын тілін ерте – мектептен бастап сапалы түрде оқытуды әрі қарай күшейту қажет. Кезінде президенттің тапсырмасына сәйкес 3-4 сыныптар мен 10-11-сыныптарда ағылшын тілі сағатын аптасына 3 сабақтан  5 сабаққа дейін көбейтуді қолға алғанбыз. Бірақ бұл бастама толық іске аспады. Осы бағытты нақты іске асыруымыз керек. Екіншіден, оқыту тілі қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бағыттарда ағылшын тілінен емтиханды түсу кезінде емес, оқу аяқталған соң тапсыруды қарастырған жөн. Ал сол кезеңге дейін ағылшын тілін бакаларвриат, магистратура мен докторантураның оқу бағдарламасына кіргізіп, тереңдетіп оқытқан дұрыс. Сонда нақты нәтиже болады, - дейді ол.