Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасында ойнай алмайтын болды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
100

17 жастағы футболшы Дастан Сәтпаев алдағы FIFA Series-2026 халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетпейді, деп хабарлады MadeniPortal.kz beksports.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов мәлімдеді.

Бапкердің айтуынша, «Челси» клубының медициналық штабы ойыншының қазіргі жағдайына байланысты арнайы ұсыныс берген. Соған сәйкес, Сәтпаев наурыз айындағы халықаралық үзіліс кезінде толық қалпына келу курсынан өтуі тиіс.

«Біз «Челси» клубының медициналық штабынан Дастан Сәтпаевтың жағдайы туралы ұсыныс алдық. Онда ойыншыға толық қалпына келу қажет екені айтылған. Құрама дәрігерлерімен кеңесе отырып, біз оның денсаулығын тәуекелге тікпей, толық сауығуына мүмкіндік беруді жөн көрдік», — деді Байсуфинов.

Сәтпаевтың орнына ұлттық құрамаға Оралхан Өміртаев шұғыл түрде шақырылды. Қазіргі таңда ол Көкшетаудың «Окжетпес» клубында өнер көрсетіп жүр. Бапкерлер штабы оның дайындығы жоғары екенін атап өтті.

FIFA Series 2026 аясындағы ойындар елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді.

Қазақстан құрамасының алғашқы ойыны 25 наурыз күні Намибия құрамасы қарсы өтеді.

Бұл турнир – 2026 жылғы ресми іріктеу матчтары алдындағы маңызды дайындық кезеңі саналады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Жангелдин ауылында төрт адамның қазасына байланысты қозғалған резонансты қылмыстық іс...

Шоу-бизнес

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқановаға құрбысы көлік сыйға тартты деп хаба...