Қазақстаннан қашып, БАӘ-ден табылды: халықаралық іздеудегі үш күдікті елге қайтарылды

ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
129

Қазақстанда түрлі қылмыс жасады деген күдікке ілініп, кейін Біріккен Араб Әмірліктеріне қашып кеткен үш адам елге экстрадицияланды. Қазір олардың барлығы тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, күдіктілердің бірі 2019–2020 жылдары сыбайласымен бірге Астанада халықаралық орталық салуға арналған жер учаскесін алуға көмектесемін деген желеумен клиенттің 368 мың АҚШ долларын иемденген деген күдікке ілінген.

Екінші күдікті Алматыда қарақшылық шабуыл жасап, жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіріп, 100 мың теңгеден астам мүлкін тартып алды деп айыпталып отыр.

Ал үшінші адам биыл жазда Астанада Қытай азаматының 24 200 АҚШ долларын ұрлады деген күдікке ілінген.

Қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған үш күдікті де халықаралық іздеуге жарияланған. Кейін олардың БАӘ аумағында жүргені анықталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу қайта басталды. Күдіктілер тергеу изоляторында қамауда отыр.

СПОРТ

Бүгін, 6 қазанда Ұлттық құрама Ұлттар лигасының 4-туры аясында Астанада Фарер аралдарымен кездеседі,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы әзілкештің туған жері Орал қаласына қатысты...