Ақмола облысында абайсызда атылған оқ 64 жастағы ер адамның өмірін қиды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
604

Ақмола облысында аңшылық кезінде қарудан атылған оқтан 64 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға 6 қыркүйек күні таңертең Қызылтан ауылының маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, алты адамнан құралған топ елік аулауға шыққан.

Аңды қаумалау кезінде аңшылардың бірі алда, екіншісі оның артында жүрген. Осы сәтте қарулы ер адам артқа қарай оқ атқан. Оқ 64 жастағы аңшыға тиіп, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Полицияның мәліметінше, аңшылыққа қатысушылардың қажетті рұқсаттары мен жолдамалары болған. Топ құрамында аңшылар, қорықшы, қаумалаушы және аңшылыққа қатыспаған тағы бір адам болған.

Құқық қорғау органдары ер адамның қаза болғанын растады. Алдын ала болжам бойынша, Көкшетау тұрғынына тиесілі аңшылық мылтықтан оқ кездейсоқ атылған.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қару иесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...