Туристер мінген ұшақ апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
328

Перудің Наска геоглифтері маңында туристерді тасымалдаған шағын ұшақ апатқа ұшырап, салдарынан 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Reuters агенттігінің Перу билігіне сілтеме жасап хабарлауынша, қаза тапқандардың арасында Италия, Испания және Германия азаматтары, сондай-ақ экипаждың екі мүшесі бар.

Апатқа ұшыраған Cessna Caravan ұшағы Наска геоглифтерінің шамамен 19 шақырым қашықтығындағы Сокос елді мекені маңында құлаған.

Әуе кемесі Перудің Aerodiana әуе компаниясына тиесілі болған. Ол туристерге Наска геоглифтерін әуеден тамашалатуға арналған экскурсиялық рейс орындауы тиіс еді.

Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін шамамен 50 минут өткен соң экипаж Наска әуежайының диспетчерлік қызметіне төтенше жағдай туралы хабарлаған. Алайда көп ұзамай онымен байланыс толық үзілген. Кейінірек ұшақтың апатқа ұшырағаны расталды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметті желіде Ақтаудағы Орталық жолда өртеніп жатқан көліктің видеосы тарады, деп хабарлады ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 65 жастағы ер адам 35 жастағы әйел мен оның 10 айлық қызын зорлап өлтірді деген күдікпен...