Индонезияда жанартау маңына барған 8 адам жоғалып кетті

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
326

Индонезияда Анак-Кракатау жанартауына атқылаудың салдарын түсіру үшін барған сегіз адам іздестіріліп жатыр. Олардың арасында бес журналист бар, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Reuters агенттігінің мәліметінше, топ 7 қыркүйекте жанартау маңына жылдам жүретін катермен аттанған. Алайда олар келісілген уақытта кері оралмаған. Кейін қайықпен байланыс та үзілген. Топпен соңғы рет дүйсенбі күні байланыс орнаған.

Қазір жоғалғандарды іздеуге құтқарушылар жұмылдырылды. Дегенмен теңіздегі биік толқын, лай және жанартау күлі іздеу жұмыстарын қиындатып отыр.

Анак-Кракатау 5 қыркүйекте қайта атқылаған. Жанартау күлі Индонезия астанасы Джакартаға дейін жетіп, әуе қатынасына әсер еткен. Атқылауға байланысты мыңдаған рейс кейінге шегеріліп немесе тоқтатылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...