«Жау шебіне бірінші кірді»:  Президенттің әкесі жайлы бұрын беймәлім болған дерек жарияланды

Ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
532

Ресейдің Қорғаныс министрлігі Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаевқа қатысты марапаттау парағын құпиясыздандырып, көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлады madeniportal.kz.

Кемел Тоқаев — қазіргі Қазақстан Президентінің әкесі. Ол 1945 жылдың қаңтар айында Польша аумағында көрсеткен ерлігі үшін II дәрежелі Отан соғысы орденіне ие болған.

7-ші жеке гвардиялық ауыр танк полкінің командирі, гвардия подполковнигі Афанасий Поваров қол қойған құжатта мынадай жайт баяндалады:

«1945 жылдың 21 қаңтарында Польшадағы Мазовецк воеводалығына қарасты Еглиёвец елді мекенінің солтүстік-батысында түн ішінде неміс күштері біздің әскерге қарсы шабуыл жасады. Автоматшылар танкілерді жан сала қорғап, кейін өздері қарсы шабуылға өтіп, жауды шегінуге мәжбүр етті. Жауынгер Тоқаев бірінші болып жау шебіне басып кіріп, өз автоматымен бес немісті жойды, біреуін жаралы күйінде қолға түсірді. Тұтқынды бөлімшесіне әкеліп жатқанда Тоқаевтың аяғына жарықшақты оқ тиіп жараланды (бастапқы мәтінде «…аяғынан айырылды» деп жазылып, кейін сызып тасталған). Ол тұтқынды көзінше атып, жарасын өзі таңып, ауыр жарақатына қарамастан, танкілеріне қайта оралды».


Сол күні Кемел Тоқаевқа оқ тиіп, оның асық жілігі қатты зақымданған. Кейін ол тылға, яғни Орал өңіріне эвакуацияланған. Дәрігерлер оны аман алып қалу үшін аяғын кесуге шешім қабылдамақ болған. Алайда ол сол кездегі жас маман, кейін бүкіл әлемге танылған хирург Гавриил Илизаровқа кезігеді. Илизаров дәл осы ем кезінде кейін өз есімімен аталған сүйек бекіту құрылғысының алғашқы үлгісін қолданған екен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында ер адам өз әйелін өлтіріп, оның денесін екі ай бойы көлігінің жүк...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Журналист Гүлмира Әбіқай қыз артынан апаратын киімдерді жалға алатын әдет пайда болғанын айтты, деп...