Астанадағы Кенесары хан ескерткіші жөнделеді

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
993

Қаланың Мәдениет басқармасы тарихи-мәдени мұраны сақтау мақсатында 2024-2025 жылдары Есіл өзенінің жағасында орналасқан Кенесары хан ескерткішін қайта жаңарту жоспарланды, деп хабарлайды madeniportal.kz Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Ғылыми-техникалық зерттеу нәтижелеріне сәйкес, нысан апатты деп танылды. Нысан іргетасының құлау қаупі бар.

Нысанды бөлшектеу биылғы қараша айында басталады. Нысанның өзі жаңартылғаннан кейін 2025 жылдың көктемінде орнына қайтарылады деп жоспарланған.

"Жаңарту келесідей жұмыстарды орындауды қамтиды: мүсінді бөлшектеу және оны кейіннен қалпына келтіру, тұғырды және оған іргелес аумақты бөлшектеу, бұрғылау үйіндісін орнату, сондай-ақ құрылымды кейіннен монтаждау және тұғырды қаптау материалымен әрлеу", - делінген хабарламада

ЖАҢАЛЫҚТАР

БҚО-ның Жәнібек ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектері табылды. Бұл іс бойынша терге...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағанды қаласында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алып, кәмелеттік жасқа толмаған бала көз жұмды, д...