Құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің асыраушысы балаларды аяусыз ұрып-соққан видеосы тарады

әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
921

Белгілі тележүргізуші Руслан Өтепбай Зүлфия Төленоваға қатысты жағаұстатарлық бейнелерді бөлісті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Журналист жариялаған видеода Құндыз бен Назгүлдің асыраушысы балаларды ұрып жатқан және ішімдік ішіп мас болып жатқан кадрлар.

"Бәрі белгілі болды. Қиналып жүрген тек Құндыз бен Назгүл ғана емес екен. Желтоқсан айының 29-ы күні Зүлфия Төленованың үстінен ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Арызданушылар -асыранды балалары. Балалардың айтуынша, Зүлфия Төленова ішімдік ішіп алып, олардың мазасын алып, бірнеше рет қол көтерген. Аталған дерек бойынша қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Егер кінәсі дәлелденсе, заң аясында жауапқа тартылады. Бұл істі @zhambyl_police Жамбыл облысының полиция департаменті соңына дейін жеткізеді деп сенім білдіреміз", - делінген журналисттің әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...