Медицина ұйымының басшысынан 15 млн теңге талап еткендер ұсталды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
21

Түркістан облысында өзін Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) қызметкері ретінде таныстырып, медицина ұйымының басшысынан 15 млн теңге талап еткен екі алаяқ ұсталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Алаяқтар медициналық ұйым басшысына мекемеде заңбұзушылықтар анықталғанын айтып, оны қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытқан. Сонымен бірге ақша берген жағдайда жауапкершіліктен құтқаруға уәде берген.

Олар бастапқыда 5 млн теңге алған, кейін тағы 10 млн теңге беруді талап еткен. Алайда 8 тамызда Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері ҚМА-ның Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, күдіктілерді қылмыс үстінде ұстады.

Сот күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

ҚМА-ның ескертуі

ҚМА қызметкері ретінде танысып, қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқыту немесе жазадан құтқаруға уәде беріп ақша талап ету — алаяқтық әрі заңсыз әрекет.

Осындай жағдайға тап болған азаматтар бұл туралы ҚМА-ның 1458 Call-орталығына дереу хабарлауы керек.

Сондай-ақ қаржылық мониторинг органдарына шақыру тек сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде және заңда белгіленген тәртіппен рәсімделген ресми шақыру қағазы негізінде жүзеге асырылады.

Ең маңыздысы: ҚМА қызметкері атын жамылып ақша талап ететін адамдарға сенбеу және мұндай фактілер туралы бірден құқық қорғау органдарына хабарлау қажет.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағанды облысында өрт өршіп, ауыл тұрғындары бірнеше күннен бері тілсіз жаумен күресіп жатыр, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі блогер әрі кәсіпкер Бейбіт Әлібеков әкесі Бақыт Әлібековтің әлеуметтік желідегі даулы жазбал...