Ақмола облысында жүргізуші екі оқушыны қағып кетті

ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
744

Ақмола облысының Қоянды ауылында «Газель» көлігінің жүргізушісі екі кәмелетке толмаған баланы қағып кетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz Nayza Kokshe басылымына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші азық-түлік дүкенінің аумағынан кері жүріп шыққан кезде 13 және 16 жастағы мектеп оқушыларын қағып кеткен. Жасөспірімдер тексеруден өткізу үшін ауруханаға жеткізілді.

Ақмола облысы Полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді:

«Полиция департаменті 31 қаңтар күні Қоянды ауылында “Газель” маркалы автокөліктің жүргізушісі азық-түлік дүкендерінің бірінің аумағынан шыға берісте екі кәмелетке толмағанды қағып кеткенін хабарлайды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қажетті іс-шараларды жүргізіп жатыр, нәтижесіне қарай шешім қабылданады».

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...