Көшеде жараланған: СҚО-да ҰОС ардагері қайтыс болды

Фото: СҚО әкімдігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
542

Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Васильевич Макиенко 99 жасында өмірден өтті. Бұл туралы облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов желідегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап. 

Василий Макиенко майданға 18 жасқа толмай жатып аттанып, гвардиялық атқыштар полктерінің құрамында қанды шайқастарға қатысты. Жауынгерлік ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және бірнеше медальмен марапатталған.

Соғыстан кейін де өңірдің дамуына аянбай еңбек еткен ардагер су шаруашылығы саласында табанды қызмет атқарып, техникалық жабдықтау өндірісі басқармасы бастығының орынбасары лауазымында 13 жыл бойы жұмыс істеген. 

Облыс басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов ардагердің өмірі мен тұлғасын былайша сипаттады:

«Өмірге құштар, салауатты өмір салтын ұстанған ардагер жас ұрпаққа рухани үлгі бола білді. Өткен жылы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысқаны – барлық солтүстікқазақстандықтардың есінде. Келесі жылы ол 100 жасқа толар еді. Оның есімі ел жадында мәңгі сақталады. 

Айта кетейік, Петропавлда 99 жастағы соғыс ардагерін жол бойында алдынан жүгіріп шыққан оқушы қыз құлатып кеткені хабарланған болатын. Ардагер алған жарақатынан ауыр күйде ауруханаға жеткізілген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жапонияда егде жастағы әйелдерді сағатына шамамен 3 300 иенге (20 АҚШ доллары) және жолақысына тең қ...

АЙМАҚТАР

Жексенбі күні қатты ыстық пен найзағайлы жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет»...