Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия отырыс...
Баласына "Кенесары" деп ат қойған ата-аналар енді 400 мың теңгеден алады
Фото: Pixabay
Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай алдағы Наурыз мерекесіне орай ұлттық рухты көтеруге бағытталған арнайы бастама жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Arasha.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, "Аламан" компаниясы ұлына Кенесары есімі берілген алғашқы 10 нәрестеге 400 мың теңге көлемінде жөргекпұл табыстауды көздеп отыр.
Жылқышыбайдың түсіндіруінше, жобаға қатысу үшін ата-аналар баланың туу туралы куәлігін 8 771 236 77 04 нөміріндегі WhatsApp желісіне жолдауы қажет. Айта кету керек, акция тек наурыз айында дүниеге келген сәбилерге ғана арналған.
Журналист Кенесары есімінің қазақ халқы үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Оның сөзінше, бұл бастама – азаттық жолында күрескен, орыс империясына қарсы тұрған батыр Кенесары ханның есімін жаңғыртып, ұлттық тарихи сананы нығайтудың бір көрінісі.