Ақорда Тоқаевтың Солтүстік Македония Президентіне жолдаған жеделхатын жариялады

Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
299

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давковаға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті Гордана Силяновска-Давкованы және Солтүстік Македония халқын елдің ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастардың дәйекті түрде дамып келе жатқаны атап өтілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Македония Президентінің жауапты қызметі мен игі бастамаларына толайым табыс, ал ел халқына құт-береке мен бақ-дәулет тіледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда жүріп келе жатқан көліктен секірген қызды басқа автокөлік қағып кеткен. Полиция оқиғаның...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары әлі де тіркеліп жатыр. Дегенмен елдегі эпидемиологиялық а...