“Халық сағынған”: Бекболат Тілеухан тойда ән айтып 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік мінді

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1326

Экс-депутат, дәстүрлі әнші Бекболат Тілеухан тойлардың бірінде домбырамен өнер көрсетіп, бір үйір жылқыға ие болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Өнер иесі Мұхамеджан Тазабектің қызының ұзату тойына арнайы Түркиядан келді. 

“Домбыраны харам дегендер көрсін. Бекболат ағамыз домбыра ұстап, халыққа ән айтты.  Атақты жырау Бекболат Тілеуханды сағынып қалған ел тойда қолқа салып, поппури айтқызды. Өнеріне тәнті болған жандар 15 жылқы, 1 боталы түйе, 1 темір тұлпар атады", - деп жазды видео авторы.

“Оян, қазақ” туындысының продюсері, журналист Айсәуле Әбілда экс-депутаттың өнерін халық сағынғанын жасырмады. 

"Атақты жырау, белгілі дәстүрлі әнші Бекболат Тілеухан ағамыздың әнін тыңдап тамсанбаған адам аз шығар қазақта, себебі ол кісі қолына домбыра алып, ән сала бастағанда бәріміздің ұлттық кодымызға су бүріккендей қомпаңдап қаламыз. Кеше той үстінде ел қолқа салып, жанды дауыспен әр өңірдің әнін құйқылжыта жөнелгенде ағалар мәрттігін көрсетіп, сый-сыяпатын аямады. Тәуелсіздікті енді алып, ел есеңгіреп жатқанда қазақты Қазтуғанның, Доспамбеттің, Ақтамбердінің жырымен табыстырған арда аға, аман болыңыз, бар болыңыз!", – деді продюсер Айсауле Әбілда. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Индира Елемес Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Әнші күйеу...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Берлинде Украина, Германия, Франция және Ұлыбритания ба...