«Қолтығынан демеп кіргізді»: Жүрсін Ерман Торғайдағы айтыста төрешілік етті (ВИДЕО)

Дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1132

Желіде Торғай жерінде өткен айтысқа қатысты түрлі видео тарады. TikTok қолданушысы айтыс аңызы Жүрсін Ерманның да сол жерден табылғанын жазған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы жазды.

"Дара тұлға Жүрсін Ерман қу жанын сүйреп, Торғай жерінде өткелі тұрған айтысқа төрешілік етуге табанын тіреді. Нағыз айтыс болатынын осы кісіні көргенде бірден сезіндім. Қазақ айтысының жанашыры әрі қалаушысы. Алла ағамызға күш-қуат берсін. Бала күнімде теледидардан көріп, тыңдаушы едім. Жақыннан көріп мәз болдым, бірақ осындай хәлде көргенім қынжылтты", - деп жазды желі қолданушысы. 

Пікір білдірушілер аталмыш кадрға қатысты өз ойларын жазып, Жүрсін Ерманның денсаулығына алаңдаушылық білдірген. 

Айта кетейік, Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай Торғай жерінде аламан айтыс өткен еді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...