Тамара Асардың өгей ұлы өмірден озды

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1853

Белгілі өнер иесі Тамара Асардың жұбайының алғашқы некесінен туған ұлы Әлішердің өмірден өткені туралы хабар тарады, деп жазады MADENIPORTAL.KZ.

Қостанай облысы Наурызым ауданының әкімдігі кәсіпкер Жұмаш Бекмырзаның ұлының мезгілсіз қазасына байланысты қайғылы хабарға үн қосып, көңіл айтты.

«Танымал кәсіпкер Жұмаш Бекмырза мен оның зайыбы, өнер саласында танылған Тамара Асардың ұлы Әлішердің өмірден озуына орай шын жүректен көңіл айтамыз. Бұл – орны толмас қайғы. Қайғы жамылған отбасы мен жақын туыстарына сабыр тілейміз. Жаратушы марқұмның жанын рақымына бөлесін, артында қалғандарға төзім мен рух берсін», – делінген әкімдік таратқан мәлімдемеде.

Қазіргі таңда әншінің жеке парақшаларында бұл оқиғаға қатысты ешқандай ақпарат жарияланған жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыс Қазақстан облысының Бобровка ауылында тұрғын үй өртеніп, оқиға орнынан әйел мен кәмелетке толм...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Филиппиннің Исабела провинциясында жарылыстан төрт адам, оның ішінде үш бала қаза тапқан. Тағы төрт...