АҚШ Иранға салмағы бір тоннаға жуық авиабомба тастады

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
133

АҚШ әскері 30 шілдеге қараған түні Иранның Кешм аралындағы тұрғын үйге соққы жасау үшін ең қуатты ядролық емес бомбаларының бірін қолданған. Салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Айта кетерлігі, жарылыстан қалған шұңқырдың көлемі мен оқ-дәрі қалдықтары салмағы шамамен 907 келі болатын ауыр MK-84 авиабомбасы қолданылғанын көрсетеді.

Газетаның мәліметінше, тұрғын үйдің маңынан қандай да бір әскери нысанның бар екенін дәлелдейтін айғақ табылмаған. Соққы халық тығыз орналасқан ауданға жасалған.

АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) өкілі, капитан Тим Хокинс The New York Times басылымына америкалық әскери басшылықтың бұл соққыдан хабардар екенін және алынған мәліметтерді зерттеп жатқанын айтты. Сондай-ақ ол АҚШ-тың бейбіт тұрғындарға соққы жасамайтынын мәлімдеді.

АҚШ пен Израиль Иранмен қақтығысты 28 ақпанда бастады.

ТАРИХ

Қазақстан Ұлы Дала тарихы мен өркениетін зерттеу бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты қолға алды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы 2026 жылғы қаңтар-шілде айларындағы ақша-кредит саясатын жүзеге асыру қорытындысы т...