«Қазақстан халқына» қоры түлектерге тағы 350 білім грантын бөлді

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
93

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге арналған білім гранттарының санын қосымша 350 орынға арттырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Грантқа ауылдық елді мекендерде, сондай-ақ шағын және моноқалаларда орналасқан мектептердің түлектері қатыса алады. Үміткерлердің жасы 25-тен аспауы керек, яғни 25 жасқа толған азаматтар да конкурсқа қатысуға құқылы.

Бағдарлама аясында мына санаттағы жастарға басымдық беріледі:

  • жетім балалар және кәмелет жасына дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;
  • мүгедектігі бар азаматтар;
  • мүгедектігі бар балалар тәрбиеленетін отбасылардың балалары;
  • ата-анасының бірі мүгедектігі бар балалар.

Грант иегерлеріне білім алу мүмкіндігімен қатар, ай сайын 60 мың теңге көлемінде шәкіртақытөленеді.

Қосымша гранттардың бөлінуі ауылдық және шағын елді мекендерден шыққан жастардың жоғары білім алу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділет Зейнелдің анасы әлеуметтік желіде тараған «20 миллион теңге өтемақы ретінде берілді&raq...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысы Ащыбұлақ ауылында 29 жастағы әйелдің өліміне байланысты полиция қылмыстық іс қозғады....