Қостанайда алдын ала мәлімет бойынша, пәтерлердің бірінде жөндеу жұмыстары кезінде тегіс ұңғылы қару...
Камераға түсірілген қатыгез әрекет: Алматы мектеп оқушылары құрдасын қорлағаны үшін жауапқа тартылады
pixabay.com
Алматыда құрдасын ұрып-соғып, қорлаған сәтін видеоға түсірген мектеп оқушылары ұсталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұл туралы ktk.kz жазды. Алматыда полиция өз құрдасын аяусыз ұрып, болған жағдайды камераға түсірген мектеп оқушыларын ұстады. Видео әлеуметтік желілерде таралғаннан кейін құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, оқиғаға қатысушылардың барлығын анықтады.
Видеодан бір топ жасөспірімнің баланы ұрып-соғып, балағаттап жатқанын көруге болады. Кейін бұл жазбаны әлеуметтік желіге 14 жастағы қыз жүктегені анықталды.
Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар барлық жасөспірімдердің жеке тұлғасын жедел анықтады. Қазіргі уақытта «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тергеу шаралары аяқталғаннан кейін іс материалдары сотқа жолданады.
Алматы қаласының білім басқармасы зардап шеккен оқушыға қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады.
Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек тергеу ведомство басшылығының ерекше бақылауында екенін мәлімдеді.
«Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық істі тергеп жатыр. Оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар анықталды. Болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін жан-жақты, толық әрі объективті тергеу жүргізілуде», — деді Салтанат Әзірбек.