"Қан жылап отырмыз": Жас жігіттің қолынан өлген бойжеткеннің ағасы мәлімдеме жасады

Ашық дерекөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
378

Әлеуметтік желіде Сұлтан Серікбай есімді азаматтың жазбасы жарияланды. Ол өзін Шымкентте қаза тапқан қыздың ағасымын деп таныстырған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

"Есімім Сұлтан болады. 11.01.2026 күні пышақтап өлтіру жайлы оқиғадағы сол қыздың туған ағасы боламын.  Шынымызды айтсақ, қан жылап отырмыз. Біз әр жаңалықты оқып отырамыз, қолдау көрсетіп жатқан жандарға рахметімізді айтамыз.
Қазір біздің қолдан тек соған ("адамға" деген сөзді айтуға қимай отырмын) максималды срок беру ғана қолымыздан келеді. Қысқаша айтқанда, менің қарындасым ең ақылды, сабырлы, тұйық, жуас қыз болғандықтан барынша басынған. "Жоқ" деген сөзді түсінбеген. Сталкер болған. Сол үшін бұл оқиғаны бүкіл жерге таратып, бізді қолдауларыңызды сұранамыз (әділ шешім шығаруға). Қазір бізге артық сөз сөйлеуге, жазуға болмайды өйткені кейін арғы жақтың адвокаттары тырнақ астынан кір іздейді. "Сот процесі" әділ өтеді деген сенім бар. Бәрімізге сабыр мен жүрек тыныштығын берсін", - деп жазды Сұлтан Серікбай.

Еске салайық, 11 қаңтарда 21 жастағы Нұрай Серікбай пышақ жарақатынан көз жұмған еді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда баскетбол ойыны кезінде AiRom академиясының 13 жастағы тәрбиеленушісі Тасболат Абдулазиз қа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мектеп...