Астанада құрылысы жүріп жатқан ғимарат өртенді

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
400

Астананың Есіл ауданында салынып жатқан ғимараттан шыққан өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Өрт Е-871 көшесінде орналасқан төрт қабатты салынып жатқан ғимараттың шатырынан шыққан.

«Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде ғимараттың шатыры ашық жалынға оранып, қою қара түтін шыққаны байқалды. Дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, өртті толық сөндіру үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелген жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...