Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы Қырғызстан Республикасының Мәдение...
АҚШ-тың 10 штатында 49 адам гамбургерден уланып қалды
Фото: Shutterstock
АҚШ-тың 10 штатында 49 адам McDonald's гамбургерлерінен уланып қалды. Бұл туралы АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) мәлім етті, деп хабарлайды madeniportal.kz El.kz тілшісіне сілтеме жасап.
CDC мәліметтері бойынша, улану дерегі 27 қыркүйек пен 11 қазан аралығында тіркелген. Зардап шеккендердің бірі уланудан туындаған гемолитикалық-уремиялық синдром салдарынан жансақтау бөлімінде жатыр, ал Колорадо штатының қарт тұрғыны қайтыс болды.
Зардап шеккендердің барлығы McDonald's-та гамбургер жегендерін айтқан. CDC алдын ала мәліметтер бойынша, уланудың себебі ретінде ішек таяқшасы анықталғанын мәлімдеді, оны пияз арқылы жұқтырған болуы мүмкін. Сондай-ақ сарапшылар бургерлерге арналған котлеттердің тексерілетінін айтты.
Орталықтың мәлімдеуінше, шын мәнінде уланған адамдар саны көп болуы мүмкін, өйткені әдетте ішек таяқшасы ауыр симптомдар тудырмайды және адамдар медициналық көмекке жүгінбестен жазылады. Сонымен қатар, уланудан кейін алғашқы белгілер үш-төрт аптадан кейін ғана пайда болады.