Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
546

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Мемлекет басшысы құттықтауында Тұңғыш Президенттің заманауи қазақ мемлекеттілігінің негізін қалау, Қазақстан Республикасын құру,  еліміздің экономикалық әлеуетін нығайту және халықаралық аренадағы орны мен беделін бекемдеу жолындағы тарихи миссиясын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың елорданы Астанаға көшіру туралы шешімінің маңызы айрықша екеніне тоқталды.

– Елорданың Сарыарқа төсіне көшірілуі Қазақстанның жан-жақты өркендеуіне тың серпін берді. Бүгінде Астана қарыштап дамып, әлемдегі көрікті шаһардың біріне айналып келеді, – делінген құттықтауда.

Мемлекет басшысы Тұңғыш Президентке мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақ-береке тіледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайғылы жағдайда қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына жиналған қаржылай көмек табысталды. Қара...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде терроризмді насихаттады деп айыпталған ер адам 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды, деп...