Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

Фото: lada.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2295

Маңғыстау облысында Toyota Camry жеңіл көлігі мен «КамАЗ» жүк көлігі соқтығысып, төрт адам мерт болды, деп хабарлайды madeniportal.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

«Жол-көлік оқиғасы 6 ақпан күні Бейнеу – Сайөтес тасжолында болған. Toyota Camry көлігінің төрт жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Жеңіл көлік жүргізушісі ауыр жарақат алып, Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілді. «КамАЗ» жүргізушісі зардап шеккен жоқ», — делінген департамент хабарламасында.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы («Көлік құралын басқару ережелерін бұзу, екі және одан да көп адамның өліміне әкелу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп, апаттың нақты себептері анықталып жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Колумбиялық әнші Шакира жер сілкінісінен зардап шеккен Чоко департаментіне кенеттен келіп, бүлінген...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қытайдың оңтүстік-батысында толассыз жауған нөсер жаңбыр ауыр зардаптарға әкелді. Қатты жауын салдар...