Ақтауда 14 жасар жасөспірім суға батып кетті

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1362

Ақтауда жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

9 маусым күні Ақтау қаласындағы 9А шағын ауданында қайғылы оқиға орын алды. Екі жасөспірім суға батып бара жатқанда, куәгерлер оларды судан шығарып үлгергенімен, олардың бірі қайтыс болды.

Маңғыстау облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға 17:40 шамасында «I Love Aktau» шағын архитектуралық нысаны маңында болған. 2011 жылы туған екі жасөспірім жабдықталмаған жерде суға шомылып жүріп, бата бастаған. Куәгерлер көмекке ұмтылғанымен, бір жасөспірім оқиға орнында жан тапсырды.

Құтқарушылардың айтуынша, оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің 12 маманы, 5 арнайы техника және бір су көлігі жұмыс істеген. Сондай-ақ, 2 жедел жәрдем бригадасы, 12 полицей және 6 патрульдік көлік тартылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...