Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап көз жұмды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
593

Оралда жеке үйдің аумағындағы септикке құлаған сегіз жасар қыз ауруханада көз жұмды. Қайғылы оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 2018 жылы туған қызға қатысты оқиға туралы ақпарат 10 тамызда түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, бала жеке үйдің аумағында орналасқан септикке құлап кеткен. Қыз ауруханаға жеткізілгенімен, есін жимастан қайтыс болды.

Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

«Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тексеру нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды», – деп хабарлады полиция.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін по...