Тәуелсіздік күніне орай Астанада отшашу бола ма?

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2534

Тәуелсіздік күніне орай Астанада отшашу болмайды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады. 

«Тәуелсіздік күніне орай Астанада 50-ден астам түрлі мерекелік және ресми іс-шара өтеді. Оның ішінде көрмелер, концерттер, сурет байқаулары, турнирлер мен спартакиадалар сияқты іс-шаралар бар. Отшашу болмайды», - делінген әкімдік хабарламасында.

Әдетте, бұл мерекеде дәстүрлі түрде демеушілердің ақшасына отшашу ұйымдастырылатын.