Павлодарда облыстық мәслихат депутаты Александр Терентьев ұсталды. Бұған оның сүт фермасында болған...
Ақтауда әйеліне күш көрсетті деген ер адамға қатысты іс қозғалды
Фото: freepik
Ақтауда ер адам әйелінің тісін сындырып, шашын алып тастағаны туралы ақпарат тарады. Оқиға жайында қоғам белсендісі Ләззат Рақышева әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Маңғыстау облысының полициясы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Ведомство мәліметінше, ерлі-зайыптының екеуі де — Өзбекстан азаматтары. Тергеу кезінде олардың Қазақстанда жеке басын куәландыратын және елде заңды жүргенін растайтын құжаттарсыз болғаны анықталған.
«Ер адамға қатысты Қазақстанның көші-қон заңнамасына сәйкес шаралар қолданылды. Қазір ол жеке басы анықталып, елде одан әрі болу мәселесі шешілгенге дейін уақытша ұстау изоляторында отыр. Әйел тұрғылықты жерінде. Оған қатысты да көші-қон заңнамасы аясында тексеру жүргізіліп жатыр», — деп мәлімдеді полиция.