Қаскелеңде жартылай жалаңаш ер адам мектепке терезеден кіріп кеткен

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
79

Қаскелеңде жартылай жалаңаш ер адам мектеп аумағына, кейін мектеп ғимаратына еш кедергісіз кіріп кетті. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Оқиға сәрсенбі күні Отарвановка шағынауданындағы Әлімқұлов атындағы мектепте болғаны хабарланды. 

"Мектеп әкімшілігі мен жауапты органдардан болған жағдайға қатысты түсініктеме беріп, оқу орнында күзет пен ғимаратқа кіруді бақылау жүйесі қалай ұйымдастырылғанын түсіндіруді сұраймыз", – деп жазды желідегілер. 

Алматы облысының Полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Оқушылар мен мұғалімдер арасында зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық істі тергеу аясында күдіктінің психикалық денсаулығы да тексеріледі", – делінген ведомство хабарламасында.

Дереккөздердің мәліметінше, полиция "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. 

СПОРТ

UFC-дің бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвили Абу-Дабидегі қонақүйлердің бірінде соққыға жығылған, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда электромобильдерге арналған жаңа мемлекеттік нөмір үлгілері әзірленді. Ішкі істер минист...